«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 09 қазанда сағат 16:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында («Б» блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 8С-27/2 «2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-27/9 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-stepnogorsk/press/news/details/1305008?lang=ru

Жауап қалдыру