Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу критерийлері

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік аударымдар жүргізілген әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған кезде, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда белгіленеді.

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын және тіршілік әрекетінің шектелуіне әкелген құжаттар болған кезде белгіленеді.

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және олардың еңбек қабілетінің шектелуіне әкелуіне қарай жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 30 пайыздан 100 пайызға дейін қоса алғанда белгіленеді.

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу санаттары:

30%-дан 59%-ға дейін
Организм функцияларының тұрақты, орташа дәрежеде білінетін бұзылулары еңбек қабілетінің орташа дәрежеде шектелуіне әкелген кезде белгіленеді.

60%-дан 79%-ға дейін
Организм функцияларының тұрақты, айқын бұзылулары еңбек қабілетінің айқын дәрежеде шектелуіне әкелген кезде белгіленеді.

80%-дан 100%-ға дейін
Организм функцияларының тұрақты, едәуір немесе күрт айқын бұзылулары еңбек қабілетінің айқын шектелуіне немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкелген кезде белгіленеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1305069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді