Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары Мұқыр, Шақаман және Бөкенші ауылдарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында рейд жүргізді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Рейд барысында ауыл аумақтарының санитарлық жағдайы зерделеніп, абаттандыру және тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы бақылауға алынды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, өздеріне тиесілі аумақтарды күтіп ұстау және санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Елді мекендердің көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның белсенді қатысуына байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-dostyk/press/news/details/1305106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді