АУДАН ӘКІМІ КЕҢЕС ЖӘНЕ АНДАС БАТЫР ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов халықпен тұрақты кездесулері аясында Кеңес және Андас батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар әр ауылдық округте жүзеге асырылған нақты жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады.

Кеңес ауылдық округінде биыл бірқатар инфрақұрылымдық жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, №2035 әскери бөлімінің «Кеңес» шекара заставасындағы қазандық құрылысын газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Кеңес ауылында жарықтандыру желілері ауыстырылып, ауылдық саябақты абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, елді мекендегі дренаж жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Андас батыр ауылдық округінде де тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Округ аумағында Қарпық батыр және Мельниченко көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Қарпық батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Арал-Қыстақ ауылында балалар ойын алаңшасы орнатылса, Қызыл-Қыстақ ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Қызыл-Қыстақ ауылында дренаж тазалау жұмыстары атқарылды. Андас батыр ауылындағы С.Бірбаев көшесін жарықтандыру жұмыстары аяқталып, алдағы уақытта жарық желісі іске қосылатын болады.

Кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауылдарды дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі әрбір сұраққа жауап беріп, көтерілген мәселелерді тұрғындармен бірге талқылады.

Жиын қорытындысында жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1307812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді