
Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылында «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске асыру, сондай-ақ Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, пилоттық жобаның ерекшеліктері және қоныс аударушыларға көрсетілетін қолдау шаралары түсіндірілді.
Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Кездесудің басты мақсаты – азаматтарға қажетті ақпаратты жеткізу және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1307832?lang=ru

Жауап қалдыру