Food City көтерме-бөлшек сауда дүкенінің ашылуы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Саумалкөл ауылында тағы бір қуанышты оқиға – «Юлдашев» ЖК-ға қарасты Food City көтерме-бөлшек сауда дүкенінің салтанатты ашылуы өтті.

Сауда нүктесі теміржол вокзалы орналасқан шағын ауданда бой көтерген.

Бұған дейін Юлдашевтер отбасы жергілікті кәсіпкерден жалға алып келген ғимаратқа жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде сауда орны кеңейтіліп, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды. Енді мұнда ұсынылатын тауарлардың ассортименті де едәуір артты. Сатып алушылар бұл жерден тек жаңа піскен көкөністер мен жемістерді ғана емес, сонымен қатар ұн, макарон өнімдері, жарма, өсімдік майы, ірімшік, шұжық өнімдері, кәмпиттер, көк шөптер, сусындар және басқа да азық-түлік тауарларын сатып ала алады.

Дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімде символикалық лентаны қию құрметі аудан әкімі Мейрам Жақсылықұлы Мендыбаевқа және отбасы басшысы, кәсіптің негізін қалаушы Исмаилжан Базарбекұлы Юлдашевке берілді.

Айта кетейік, Юлдашевтер отбасы Саумалкөл ауылында сауда саласында 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді.

Дүкеннің ашылу салтанатында саумалкөлдіктерге арнап мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға палау, бауырсақ, кәмпиттер және басқа да дәмді тағамдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1307519?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді