Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.

Биыл Қазақстан делегациясының құрамында 30-дан астам өкіл бар. Ұлттық стендте «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Arman-PV», «Сардар», «Мазмұндама», «Отбасы хрестоматиясы», «Steppe & World Publishing», «AmalBooks», «Umai Books», «WiK», «Safitales» және басқа да баспалардың 300-ге жуық кітабы қойылды.

Жәрмеңке барысында белгілі жазушы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» кітабының таныстырылымы өтті. Шығарма қазақ және ағылшын тілдерінде арнайы форматта қайта басылып шықты. Таныстырылымнан кейін жазушы оқырманның кітаптарына қолтаңбасын қойып берді.

Сонымен қатар «Arman-PV» баспасы Жанат Аймұхамбеттің «BÖRTE. Ұлы дала патшайымы» кітабын, ал «Алматыкітап баспасы» «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» және «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка» атты екі жаңа басылымды таныстырды.

Жәрмеңке аясында Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект» кітабының, «Гарольд және ЛараБелль. Кітаптар патшалығы» және «Күміс кітап 10 жыл» басылымдарының таныстырылымы өтті.

Бұдан бөлек, жәрмеңке барысында Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия, Ұлыбритания және басқа да елдердің баспа өкілдерімен кәсіби кездесулер өтіп жатыр. Халықаралық іс-шара қазақстандық делегация өкілдеріне шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, кітап шығару ісіндегі жаңа үрдістермен танысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жобалар талқыланып жатыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1307806?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді