Кәсіби жетістік — ортақ мақтаныш!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Тасжурекова Назира Құдайбергенқызын АҚШ CDC бастамасымен, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының қолдауымен Орталық Азия елдеріне арналған қолданбалы эпидемиологияның бір жылдық FITP бағдарламасын сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл – кәсіби білімді тереңдетіп қана қоймай, эпидемиологияға жаңа көзқарас қалыптастыратын маңызды бағдарлама.

Оқу барысында инфекциялық ауру ошақтарында алдын алу шараларын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі, эпидемиологиялық қадағалау жүйесін бағалау, бұрқ етпелер кезінде дер кезінде әрекет ету, эпидемиологиялық деректерді талдау және дәлелге негізделген шешім қабылдау бағыттары бойынша жаңа білім мен практикалық дағдылар меңгерілді.

Сонымен қатар, «Бірыңғай денсаулық» (One Health) тұжырымдамасын эпидемиологиялық жұмыста қолдану, адам, жануар және қоршаған орта денсаулығының өзара байланысын бағалау бағытындағы білім кәсіби тәжірибені одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Білімін үнемі жетілдіріп, жаңа бағыттарды меңгеруге ұмтылатын маман – кез келген ұжымның үлкен құндылығы.

Назира Құдайбергенқызына алған білімін алдағы қызметінде тиімді қолданып, инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу мен эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіруге қосар үлесі мол болсын деп тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1307764?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді