КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ

🔷 Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлі болды. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

🔷 Көп қабатты үйлер Бозарық, Ақжайық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Пәтерлерді «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігі мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін растаған азаматтар сатып алды.

🔷 Жаңа баспана иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылардың өкілдері және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

🔷 Жеңілдетілген бағдарламалар қала тұрғындарына қолжетімді шарттармен үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бойы баспана мәселесін шешуге ұмтылған отбасылар үшін жеке пәтерге ие болу – тұрғын үй жағдайын жақсартуға берілген мүмкіндік.

🔷 Айта кетейік, Бозарықтағы жаңа үйлер шағынауданда заманауи тұрғын үй құрылысын қалыптастыратын нысандардың қатарына жатады. Шағынауданның дамуымен бірге мұнда тұрғындардың күнделікті өміріне қажет жағдайлар жасалуда.

🔷 Шымкентте қолжетімді баспанаға сұраныс сақталуда. Осыған байланысты қала әкімдігі баспана құрылысының көлемін арттырып, жеңілдетілген бағдарламалар арқылы пәтер сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1307725?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді