
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасы неге байланысты?
Бұл тек медициналық диагнозға немесе тек тексеру нәтижелеріне байланысты емес. Сараптаманың объективті нәтижесінің артында бірқатар маңызды факторлар бар.
Біріншісі — денсаулық жағдайы туралы толық әрі нақты ақпарат.
Медициналық құжаттар, тексеру нәтижелері және мамандардың қорытындылары адамның денсаулық жағдайының объективті көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Екіншісі — кешенді бағалау.
Аурудың бар-жоғын ғана емес, оның ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және бұл бұзылыстардың адамның тіршілік әрекетіне қалай әсер ететінін анықтау маңызды.
Үшіншісі — жеке тәсіл.
Бірдей диагноз әр адамда әртүрлі функционалдық шектеулерге әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір жағдай жеке әрі объективті бағалауды талап етеді.
Төртіншісі — бірыңғай критерийлерді қолдану.
Сараптама заңнамада белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкес жүргізіледі. Бұл адамның жағдайын бағалауда бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Бесіншісі — мамандардың кәсібилігі.
Сараптаманың сапасы мамандардың біліктілігіне, тәжірибесіне, біліміне және өз жұмысына жауапкершілікпен қарауына тікелей байланысты.
Алтыншысы — объективтілік және адамның құқықтарын сақтау.
Шешім нақты деректер мен белгіленген критерийлерге негізделуі тиіс. Ал сараптама рәсімі адам үшін түсінікті, қолжетімді және ашық болуы қажет.
Осылайша, сапалы медициналық-әлеуметтік сараптама — нақты медициналық деректерге, кәсіби бағалауға, бірыңғай критерийлерге, жеке тәсілге және адамның құқықтарын сақтауға негізделген кешенді жұмыстың нәтижесі.
Негізгі мақсат — адамның денсаулық жағдайын ғана бағалау емес, оның тіршілік әрекетінің нақты шектеулерін және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1307375?lang=ru

Жауап қалдыру