5 қазан – Ұстаздар күніне орай Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы» жобасы аясында ауыл ұстаздарына арналған «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерттік кеш жоғары деңгейде өтті.
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, жүрегіне ізгілік пен адамгершілік ұрығын себетін, ел болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға.
Мерекелік кешті Әсен Нұрдаулет жүргізіп, ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектер мен жылы лебіздерге ұластырды.
Кештің шымылдығын Өркендеу ауылдық округінің әкімі Қуанғали Қожахмет ашып, барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар ұстаздарды марапаттады.
Кеш барысында өнерпаздар ұстаздарға арнап ән мен жырдан шашу шашты.
Кәсіпорын басшысы Рсалы Болатбек – «Ұстазым» әнін,
Ал күмбірлеген күй мен әсем әуенге ұласқан ерекше музыкалық тарту – №104 орта мектебі оқушыларының «Ұстаздардың ұстазы – Ыбырай ата» хоры көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Ұстазға деген құрмет – білімге, болашаққа деген құрмет!
Барша ұстаздарға қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және шәкірттерінің биік жетістіктерін көру бақыты тілейміз!
Жауап қалдыру