Онлайн-семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 06 қазанында Zoom платформасы арқылы «Казпатент» зияткерлік меншік институты ұйымдастырған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған онлайн-семинар өтті.
Іс-шараға облыстардан Әділет департаментінің, сондай-ақ эфирлік және кабельдік хабар тарту ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, оларды пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау, сондай-ақ шарт жасасудың құқықтық бағыттары бойынша ауқымды көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1307055?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді