Қарағандылық екі спортшы Мысырда қола жүлдеге ие болды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мысыр астанасы Каирде үстел теннисінен WTT Youth Contender Cairo 2026 халықаралық турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 20 елінен жас спортшылар қатысып, Қазақстан намысын төрт теннисші қорғады. Олардың қатарында Қарағанды облысының өкілдері Мария Лукьянова мен Злата Стадник те бар. Екі спортшы да өз санаттарында қола жүлдеге қол жеткізді.

14 жастағы Мария Лукьянова U17 жас санатында бақ сынады. Қарағандылық теннисші Сенегал, Мысыр және Ресей спортшыларын ұтып, жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде ол Алжир өкілі Таня Мориске 1:3 есебімен жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Мария Лукьянованың жаттықтырушысы – Александр Брижевский.

Бұл – Мария Лукьянованың биылғы халықаралық жарыстардағы кезекті жетістігі. 2026 жылы ол Ташкент пен Бангкокта өткен WTT Youth Contender турнирлерінде де ел намысын қорғаған.

Ал кіші жас санатында Злата Стадник үздік нәтиже көрсетті. Татьяна Кимнің шәкірті U11 санатындағы жарыста Мысыр спортшыларымен қатарынан бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Жартылай финалда қарағандылық теннисшінің қарсыласы Тайланд өкілі Пимьяда Чантарамалай болды. Бұл кездесуде Злата 0:3 есебімен жеңілгенімен, жалпы нәтижесі оған қола жүлде алуға мүмкіндік берді.

Фото ҚР Үстел теннисі федерациясынан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1306533?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді