Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті алдағы уақытта «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру реттеліп көрсетілетін қызметіне           2027-2031 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімді қарау барысында жария тыңдаулардың өткізілетіндігін мәлімдейді.

 Жария тыңдаулар 2026 жылғы 9 қараша сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 924 510 8061, кіру коды:12345).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; + 7 771 388 63 11.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/1307695?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді