ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен бірлесіп, 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын пысықтады.

Іс-шара барысында қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын арнайы техникалардың қысқы кезеңге дайындығы тексерілді. Атап айтқанда, техникалардың жарақталуы, техникалық жағдайы және қар тазалау, жолдарды мұздануға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуге әзірлігі қаралды.

Сонымен қатар, қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайсыз ауа райы жағдайларында жедел әрекет ету және жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бірлескен жұмыстар қысқы кезеңде облыс аумағындағы автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1307829?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді