Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, жетпіс төртінші сессиясын шақыру туралы
2026 жылғы 14 қазанда сағат 10:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, жетпіс төртінші сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылы 26 желтоқсандағы №59-2 «2026-2028 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Округтік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №37-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 14 қазанда сағат 10:00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1307809?lang=ru

Жауап қалдыру