
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Семей қаласында «Абай облысы Семей қаласының Бас жоспары. Түзету енгізу» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілді.
Қоғамдық талқылаудың қорытынды отырысы 2026 жылғы 6 қазанда сағат 10:00-де Семей қаласы, Мұхтар Әуезов даңғылы, 95 (Офицерлер үйі) мекенжайында өтті.
Қоғамдық талқылауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар және Семей қаласының тұрғындары қатысты. Барлығы 200 жеке және заңды тұлға тіркелді.
Отырыс барысында жобалау ұйымы «Град Проект KZ» ЖШС-нің өкілі Танат Шалұлы Шегебаевтың «Абай облысы Семей қаласының Бас жоспарына түзету енгізу» жобасының негізгі бағыттары мен қала құрылысы шешімдері туралы баяндамасы тыңдалды.
Бұйрықтың 24-тармағына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілді деп есептеледі.
Қоғамдық талқылау материалдарының көшірмелері төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1uVh-k6HJ13MkLJfqwstiVhYALd4ik89r?usp=sharing
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1307511?lang=ru

Жауап қалдыру