Шымкентте медиация саласының мамандарына арналған семинар өтіп жатыр

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкентте медиация саласының мамандарын даярлау және кәсіби білімін жетілдіруге арналған семинар-тренинг басталды. 5-9 қазан аралығында өтетін оқуды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Семинарға этносаралық қатынастар саласының мамандары мен тәжірибелі медиаторлар қатысып жатыр.

Оқу барысында қатысушылар жанжалды жағдайлардың алдын алу және оларды реттеудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, медиация тетіктерін қолдану және халықтың түрлі топтарымен жұмыс істеу бойынша білімін жетілдіреді.

Семинар жанжалдың алдын алу және оларды реттеу ісімен айналысатын мамандардың кәсіби даярлығын арттырып, медиация тетіктерін одан әрі жетілдіруді көздейді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1306805?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді