Түркістан облысының Сайрам ауданында зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Сайрам ауданының Қарасу ауылындағы «Құрмет» ардагерлер үйінде зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон өткізді.

Іс-шара барысында егде жастағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық қызметтерге қол жеткізу, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктері жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі, оның құзыреті және құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібі туралы ақпарат берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – зейнеткерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өз құқықтарын тиімді пайдалануына және заңды мүдделерін қорғауына ықпал ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1307579?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді