
Қайнар ауылында Ұстаздар күніне орай ұстаздар мен зейнеткер ұстаздарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылып, ерекше көңіл-күйде аталып өтті.
Мерекелік шараның басты мақсаты – білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін дәріптеу және мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кешке ауылдың қазіргі және ардагер ұстаздары шақырылып, оларға ақжарма тілектер айтылып, ізгі ниеттер білдірілді. Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуі үшін Теміртау қаласынан арнайы асаба шақырылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында түрлі қызықты ойындар мен көңілді сайыстар ұйымдастырылып, ұстаздар белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен өнерлерін көрсетті. Әзіл-қалжыңға толы ойындар кеш қонақтарының көңілін көтеріп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Сонымен қатар шара барысында ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылып, олардың қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегінің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-kainar/press/news/details/1306825?lang=ru

Жауап қалдыру