Ұстаздық жол – уақытпен өлшенетін еңбек емес, ұрпақ жадында қалатын тағылым.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Педагог мамандығы кәсіби білімді ғана емес, тұрақтылықты, ізденісті, жауапкершілікті және адамға деген құрметті талап етеді. Бір білім беру ұйымында ондаған жыл бойы еңбек ету – осы құндылықтардың өмірлік ұстанымға айналғанының айқын көрінісі.
🏫 «Алакөл негізгі орта мектебі» КММ-де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан педагогтер қатарында:
🌿 Нурсултанов Каныбек Орахович – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бір мекемедегі еңбек өтілі – 33 жыл.
🌱 Хасанова Гулмайра Сакеновна – бастауыш сынып мұғалімі. Бір білім ордасындағы еңбек жолы – 40 жыл.
«Жамбыл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ ұжымында да бірнеше онжылдықты қамтитын кәсіби тәжірибесі бар ұстаздар еңбек етеді.
📖 Жуматов Азамат Кошкинбаевич – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 34 жыл.
🏃 Хабиев Жаулыбай Иман-Маликович – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 31 жыл.
🌸 Кабиева Нуржамал Исатаевна – бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі – 37 жыл.
Осындай ұзақ жылғы кәсіби жол – ұстаздың жеке жетістігімен қатар, білім беру ұйымының тарихымен сабақтасып жатқан құндылық.
⏳ 31, 33, 34, 37, 40 жыл…
Бұл сандардың әрқайсысының артында күнделікті еңбек, үздіксіз ізденіс, талай шәкірттің мектеп табалдырығын аттауы мен үлкен өмірге қадам басуы тұр.
Ұстаздыққа адалдық – бір мамандықты таңдау ғана емес, сол жолға бар ғұмырын арнау.
💐 Еңбекке беріктік пен кәсіби сабақтастықты қалыптастырып келе жатқан педагогтерге құрметіміз шексіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1306652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді