«Әуе патрулі» жобасының көмегімен Абай облысының прокурорлары браконьерлік фактілерін анықтады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

      Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Көкпекті ауданындағы Жайсан көлінде браконьерлік
фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.
     Көлдің жекелеген учаскелерінде балық аулауға жыл бойы тыйым салынған.
     Рейд барысында заманауи ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен заңсыз орнатылған 51 балық аулау торлары анықталды.
     Олардың ішінде 600-ден астам балық болған. Торлар тәркіленіп, балықтар көлге жіберілді.
     Сондай-ақ дронның көмегімен 12 қайық және тыйым салынған аумақта заңсыз балық аулаған екі адам анықталды.

     Дронды байқағаннан кейін құқық бұзушылар аулаған балықтары салынған қаптарды суға лақтырып, бой тасалауға әрекет жасаған.
     Кейіннен балық пен торлар салынған қаптар, сондай-ақ бес қайық тәркіленді.
     Құқық бұзушыларды қуған дрон олардың қашып кетуіне жол бермеді, ал бейнежазба олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік
берді.
     Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы — «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын
немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
     Балық аулау қайықтарының иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы бойынша
әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
     Сонымен қатар жергілікті тоңазытқыш қоймалардың иелері тиісті рұқсатсыз балық ресурстарын сақтағаны анықталды. Кәсіпкерліктің екі
субъектісі ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
     «Әуе патрулі» жобасын іске асыру су айдынының жетуі қиын учаскелеріне тиімді бақылау жүргізуге және табиғатты қорғау
заңнамасының елеулі бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

                                                                                                                                    Абай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1308534?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді