9 қазанда Атбасар ауданының әкімдігінде Атбасар қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың, жергілікті қоғамдастықтың, қоғамдық кеңестің өкілдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ арнайы шақырылған урбанистика мен сәулет саласының сарапшылары қатысты. Кездесу барысында қала құрылысы, тұрақты қалалық ортаны қалыптастыру және Атбасар қаласын кешенді зерттеуге қатысты сұрақтар қаралды. Данияр Нұрмағамбетұлы, Әлима Жұмабайқызы Басенова және Санжар Қазиев баяндама жасады. Талқылауға Руслан Нұралыұлы Дүйсембеков, Адия Сайдуллақызы Қарсыбек және Руслан Жамбылұлы Әубәкіров қатысты. Жиын барысында қатысушылар пікір алмасып, қаланы одан әрі дамыту жолдарын талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1308589?lang=ru

Жауап қалдыру