
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Айсары ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен жиын өтті.
Жиынға округ әкімінің міндетін атқарушы А.А. Сералиева, учаскелік полиция инспекторы М.С. Есен және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қаралды: ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру және елді мекенді абаттандыру.
Мал жаю мәселесі бойынша кездесу барысында малды ұйымдасқан түрде жаю тәртібі, белгіленген қағидаларды қатаң сақтау және иесіз, қараусыз жүрген мал үшін иелерінің жауапкершілігі түсіндірілді.
Абаттандыру бағыты бойынша аумақты санитарлық тазалау, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, әр үйдің ауласын және қоғамдық орындарды ретке келтіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әр тұрғынның тазалықты сақтауға белсенді атсалысуы қажет екендігі айтылды.
Сонымен қатар, жиында интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, тұрғындарға сақтық шаралары туралы жадынамалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, хаттама толтырылды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar-aisary/press/news/details/1307565?lang=ru

Жауап қалдыру