
Көлтоған ауылындағы №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, улы газдың адам өміріне төндіретін қаупі және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үйлерге улы газды анықтайтын 8 құрылғы орнатылды. Мамандар датчиктердің маңыздылығына тоқталып, жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану және өрттің алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Төтенше жағдайлардың алдын алу – әрбір азаматтың қауіпсіздігі үшін маңызды қадам. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1308310?lang=ru

Жауап қалдыру