
Жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция лейтенанты Сәкен Рзағалиев Сам орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға мотоцикл және өзге де көлік құралдарын басқару кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қорғаныс дулығасын пайдалану және көлік құралдарын басқаруға қатысты заңнама талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын заңсыз басқаруының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың ықтимал салдары және жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы ақпарат берілді. Полиция қызметкері оқушыларға жолда мұқият болудың, белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.
Профилактикалық іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, ата-аналардың рұқсатынсыз және тиісті заң талаптарын орындамай көлік құралдарын басқармау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1308522?lang=ru

Жауап қалдыру