
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қазанда Талдықорған қаласының Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға кезінде батылдық танытқан үш оқушы марапатталды.
№5 орта мектептің 8-сынып оқушылары Нұрали Мұратханұлы, Елжас Сламхан және Санжар Асхатұлы өртті байқап, болған жағдай туралы өрт сөндіру қызметіне хабарлаған. Сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіз жерге шығу қажеттігін ескерткен.
Жауапкершілігі мен батыл әрекеттері үшін Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Алтынбеков Қанат Дүйсенбекұлы, оқушыларға алғыс хаттар табыстап, естелік сыйлықтар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1307437?lang=ru

Жауап қалдыру