«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-сіне жаңа басшы тағайындалды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

✅ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бұйрығымен Игілік Айдарұлы Әубәкіров Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы лауазымына тағайындалды.
1975 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
🔹 Еңбек жолын Қарағанды облысы сот орындаушылар және сот приставы департаментінің сот приставы болып бастады. Еңбек жолының басым бөлігінде Қарағанды облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институты ақпараттық қамтамасыз ету және “Патент” МҚ қызметінің жетекшісі, Ұлттық ақпарат технология орталығы АҚ-ның Астана қаласындағы өкілдігінің директоры, Атырау облыстық Әділет департаментінің жетекші маманы, басшының орынбасары, Атырау облысы әкімі аппараты басшының құқықтық қамтамасыз ету және кадр мәселелері жөніндегі орынбасары, Атырау облысы әкімінің режим жөніндегі кеңесшісі, Атырау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1307896?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді