ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 9 қазанда сағат 10.00-де Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында (Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №92 үй), жеке қабылдауы сағат 11.00-де Қазығұрт ауданы әкімі аппараты ғимаратының кіші залында (Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №95 үй) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 7 қазанға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
​
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1307538?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді