Құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түнгі рейд

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҚҰРМЕТТІ ҚАПАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қапал ауылдық округінің аумағында тұрақты түрде профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Рейд барысында заңды өкілдерінің немесе ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға ерекше назар аударылады. Тексеру жұмыстары мынадай орындарды қамтиды:

көшелер;
қоғамдық орындар;
кафе және қоғамдық тамақтану орындары;
компьютерлік клубтар;
спорт және ойын алаңдары;
саябақтар мен азаматтар көп жиналатын өзге де орындар.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқық бұзушылықтарға немесе қылмыстық әрекеттерге тартылуына жол бермеу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер! Балаларыңыздың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ең алдымен өздеріңіз жауапты екендіктеріңізді еске саламыз. Балаларыңыздың кешкі және түнгі уақытта қайда жүргеніне, кімдермен араласатынына бақылау жасап, оларды ересектердің қарауынсыз көшеде немесе қоғамдық орындарда жүруге жол бермеңіздер.

Заң талаптарын сақтау, ата-аналық бақылауды күшейту және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды кепілі.

Тек ата-аналардың, білім беру ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және қоғамның бірлескен іс-қимылы арқылы ғана балаларымыз үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра аламыз.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, олардың амандығы үшін бірге жауапкершілік танытайық!  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1307921?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді