Құрметті Май ауданының тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап 19 қазанына дейін ауданда «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталды.Айлықты өткізу кезеңінде мұқтаж азаматтарға, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, ең аз зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлерге, жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектігі бар тұлғалар мен зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз азаматтарға, жетім балаларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету қажет.Қайырымдылық іс шараларға барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді, депутаттарды, мемлекеттік мекемелермен мен бюджеттік ұйымдарды, оқу орындарымен, жастар бірлестіктерін, қоғамдық ұйымдарды, еріктілерді, жеке тұлғаларды белсенді қатысуға шақырамыз.«Бірге жасалған жақсылық – мың жүрекке жылу сыйлайды!» демекші, осы қайырымдылық акцияға белсенді қатысайық, ағайын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1307972?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді