
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен бірлесе отырып, көрнекі ақпараттың сауатты әрі тіл заңнамасы талаптарына сай ресімделуіне бағытталған «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» акциясын жүзеге асыруда.
Акцияның негізгі мақсаты – тіл саясатын түсіндіру, кәсіпкерлік саласында көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу.
Осы бағытта «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында белгіленген талаптардың толық әрі мүлтіксіз сақталуына ерекше назар аударылуда.
Аталған жұмыс аясында Айыртау ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орындарында, сервистік орталықтарда және кәсіпкерлік нысандарында орналасқан ішкі және сыртқы көрнекі ақпараттар мен деректемелердің тіл заңнамасы талаптарына сәйкестігіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында көрнекі ақпараттарды сауатты ресімдеудің маңыздылығы түсіндіріліп, тілдік нормаларды сақтау, мәтіндердің мазмұны мен жазылуына мұқият мән беру қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1308567?lang=ru

Жауап қалдыру