Семейде аспалы көпір үстінде телефон қолданған жүргізуші полиция назарынан тыс қалмады.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желідегі қаралым қауіпсіздіктен маңызды емес.

Семей қаласында полицейлер аспалы көпір үстінде Changan маркалы автокөлікті басқару кезінде мобильді телефон пайдаланған 21 жастағы жүргізушінің әрекетін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзу сәті түсірілген бейнежазбаны жүргізушінің өзі әлеуметтік желіге жариялаған.

Аталған дерек полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Көлік құралын басқару кезінде рөлде телефонды пайдалану жүргізушінің назарын жолдан бөледі және жол-көлік оқиғасының туындау қаупін арттырады. Мұндай әрекет үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бір сәттік бейне үшін жолдағы қауіпсіздікті тәуекелге тігуге болмайды. Рөлде отырған әрбір адам ең алдымен өзінің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде мобильді телефонды пайдаланбауға және жылдамдықты асырмауға шақырады.

Заң мен тәртіп — баршаға ортақ. Жолдағы жауапкершілік лайк пен қаралымнан әлдеқайда маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1308543?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді