
ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды
«Таза Қазақстан» аясында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. Полицейлер құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдады.
Алғашқы факті 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. 67 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде балалар алаңында кіші дәрет сындырған.
Сот оны әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Екі эпизодты ескере отырып, оған жалпы сомасы 90 625 теңге айыппұл салынды.
Екінші факті Аязбаев көшесінде тіркелді. Полицейлер қоғамдық орында осындай әрекетке жол берген 37 жастағы ер адамды анықтады. Материал тиісті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жолданды.
Балалар алаңы балалардың демалуы мен ойнауына арналған. Ал қоғамдық орындарда қарапайым мінез-құлық нормаларын сақтау — әр адамның ортақ жауапкершілігі.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1308352?lang=ru

Жауап қалдыру