
Шымкент қаласында профилактикалық жұмыстар барысында үш азаматтың пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, түнгі тыныштықты бұзғаны анықталды.
Аталған тұлғаларға қатысты елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану тәртібін бұзу фактілері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп,
сот шешімімен әр азаматқа 86 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция ескертеді: пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген орындарда пайдалануға жол берілмейді. Қауіпсіздік талаптарын бұзу жауапкершілікке әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1308078?lang=ru

Жауап қалдыру