«Таза Қазақстан»: апта ішінде 300-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында бір апта ішінде 343 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Атап айтқанда, аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзудың 291 дерегі және қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасаудың 52 дерегі анықталды.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қала аумағында тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар полицияның тұрақты бақылауында.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1308047?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді