
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату қызметтері, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті орталықтандырылған сатып алу және жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар бөлігінде шекті бағалардан жоғары бағаларды алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді.
Тыңдаулар барысында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері бағаларды алдағы уақытта көтеру туралы хабарламаның негізгі параметрлерін ұсынды.
Жария тыңдауларға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Талқылау барысында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсынылған материалдарды талқылауға және өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.
Комитет ұсынылған материалдарды мәлімделген шығындардың экономикалық негізділігін және заңнама талаптарын ескере отырып қарауды жалғастырады. Шешім жария тыңдауларға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып, заңнамада белгіленген мерзімдерде қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1308384?lang=ru

Жауап қалдыру