Түнгі рейд: полиция мен прокуратура профилактикалық жұмысты күшейтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні полиция қызметкерлері қала прокуратурасымен бірлесіп, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Тексеру барысында 15 ойын-сауық орны қамтылды. Олардың бірінде, атап айтқанда лаундж-барда темекі өнімдерін тұтынуға қойылған тыйымды бұзу дерегі анықталды. Аталған факті бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданды.

Тексерілген барлық мекемелердің әкімшілерімен заң талаптарын қатаң сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар патрульдеу барысында қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүрген 5 азамат анықталып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді.

Сондай-ақ алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарын бұзу дерегі анықталды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға да ерекше назар аударылды. Тұрғылықты мекенжайлары бойынша 17 адам тексерілді.

Өңірде профилактикалық рейдтер жалғасуда. Полиция мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1307446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді