
Бәйтерек ауданы ТЖБ қызметкерлері Достық ауылының орта мектебінде оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына қызығушылықтарын арттыру.
Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік шаралары көрнекі құралдар арқылы түсіндіріліп, құтқарушы мамандығы туралы ақпарат беріліп, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, талаптары жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1308565?lang=ru

Жауап қалдыру