Алматы музыкалық колледжі Қырғызстанның оқу орындарымен ынтымақтастығын кеңейтіп келеді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің делегациясы Бішкекке жұмыс сапары барысында Қырғызстанның төрт музыкалық оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Атап айтқанда, Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институтымен, Ниязалы атындағы Ош мемлекеттік музыкалық училищесімен, Мұқаш Әбдіраев атындағы республикалық орта арнаулы музыкалық мектеп-интернатымен және Мұраталы Күреңкеев атындағы Қырғыз ұлттық музыкалық училищесімен келісім жасалды.

Меморандум аясында студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуы, ортақ концерттер, шеберлік сабақтары, байқаулар мен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізу көзделген.

Сонымен қатар тараптар 2026-2027 жылдары білім беру және шығармашылық бағыттағы ортақ жобаларды қолға алу мәселелерін талқылады. 

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық музыкалық білім беру саласындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1308704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді