
Елордада 12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткен «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аяқталды. Қаланы тазарту, абаттандыру және көгалдандыру іс-шараларына 400 мыңға жуық тұрғын мен 15 мың кәсіпорын және ұйым қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Экологиялық айлық барысында елорданың барлық ауданында 9 мыңға жуық аула аумағы ретке келтірілді. Қоқыс үйінділерін тазалаумен бірге, 150 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Жұмысқа 3 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Экологиялық айлықтың негізгі бағыттарының бірі – көгалдандыру. Күзгі ағаш отырғызу науқаны мен сенбіліктер кезінде қалада 13 мыңға жуық ағаш, сондай-ақ 175,9 мың бұта мен гүл отырғызылды.
2026 жылдың басынан бері Астанада барлығы 932,3 мың жасыл желек отырғызылды. Оның ішінде 21 мың ағаш, сәнді және гүлдейтін 503,4 мың бұта, жанды қоршауға арналған 28 мың өсімдік, 130,7 мың бұта және т.б. Бұл маусым аяқталғанға дейін тағы 45 мың жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.
Тазалық және көгалдандыру жұмысына волонтерлер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, коммуналдық қызметтер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері, банктер мен мәдениет мекемелерінің ұжымдары, ПИК және МИБ қатысты.
Экологиялық акциялар аулаларда, саябақтарда, скверлерде және басқа да қоғамдық орындарда өтті.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1308709?lang=ru

Жауап қалдыру