
Шығыс Қазақстан облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Өскеменде Марқакөл ауданының мәдени күндері өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары ауданның табиғи байлығымен, жергілікті өнімдерімен, қолөнер туындыларымен және жаңа жобаларымен танысты.
Көрмеде Марқакөлдің әлеуметтік-экономикалық және шығармашылық әлеуеті таныстырылды. Келушілерге табиғи бал мен экологиялық таза жергілікті өнімдер, ағаштан, теріден және басқа да материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары ұсынылды. Мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары да көрме мазмұнын толықтырды.
Сонымен қатар ауданның туристік әлеуетін арттыруға және өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды.
Ары қарай аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама басталды. Сахналық көріністерде жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер қолданылып, Марқакөлдің табиғаты мен болашақтағы даму келбеті көрерменге заманауи форматта ұсынылды.
Концерттің мазмұны «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын насихаттауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сананы нығайтуға бағытталды.
Ал 10 қазан күні сағат 08:00-де Өскемен қаласындағы «ALTAY» көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Марқакөл ауданының шаруалары мен өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1308630?lang=ru

Жауап қалдыру