ҚАСҚАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҚ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың 2026 жылдың екінші жарты жылдығындағы кездесуі Қасқасу ауылдық округінде жалғасын тапты. Ашық форматта өткен кездесуде елді мекендердің тыныс-тіршілігі, атқарылған жұмыстардың нәтижесі, алдағы жоспарлар мен тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер кеңінен сөз болды.
 
✅ Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауылдық округте жыл басынан бері жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге белгіленген міндеттер мен басым бағыттарды баяндады. Ауылдың әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына назар аударды.
 
✅ Сонымен қатар Қасқасу ауылдық округінің әкімі Бекен Маткаримов 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысы жөнінде есеп берді. Бұған қоса ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті түйткілдер сараланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыттары талқыланды.
 
✅ Жиында тұрғындар да ауыл өміріне қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, көкейде жүрген сауалдарын жеткізді. Көтерілген ұсыныстар ауылдың бүгінгі ахуалын бағамдап, алдағы міндеттерді айқындауға негіз болды.
 
✅ Аудан әкімі тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныс-пікірлеріне назар аударып, әрбір мәселенің заңнама аясында зерделенуі қажеттігін атап өтті. Осы орайда жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
 
✅ Кездесуден кейін аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді баяндап, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарастырудың маңызын атап өтті. Тиісті сала басшыларына өтініштерді зерделеп, оларды шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1308683?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді