Құмар ойындарға қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Департамент басшысы К. Имангалиевтің төрағалығымен еңбек инспекторларының және «Жаңғырту» орталығының психологы Назерке Берікқалиқызы Кусесованың қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар барысында «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар шеңберінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, сондай-ақ аталған талаптарды бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Іс-шара аясында құмар ойындарға тәуелділіктің бастапқы белгілері, оның туындау себептері, адамның психоэмоционалдық жағдайына және әлеуметтік қарым-қатынастарына тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тәуелділіктің алдын алу, оның алғашқы белгілері байқалған жағдайда білікті мамандарға уақтылы жүгіну және кәсіби психологиялық көмек алудың маңыздылығы атап өтілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар арасында пікір алмасу өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1308640?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді