СҚО полицей әйелдері «Шығармашылық үзілісте» өз өнерлерін көрсетті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің психологтары түрлі бөлімшелерде қызмет ететін әйел полицейлерді қолдау мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырды.

Әйелдер ерлермен бірдей қызмет атқарып, сонымен қатар үй шаруасы мен отбасының қамын да қатар алып жүреді. Мұндай қарқынды ырғаққа төтеп беру оңай емес. Осыны ескерген ведомство психологтары Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Шығармашылық үзіліс» атты іс-шара өткізді.

Олар шақырған мамандар погон таққан 26 әйелге сазбалшықтан бұйым жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылардың бұрын мұндай іспен айналыспағанына қарамастан, олардың бойындағы шығармашылық қабілет бірден байқалды. Өз қолдарымен жасаған мүсіншелер, тәрелкелер мен әшекейлер үйдің сәніне айналмақ.

Сазбалшықтан бұйым жасау – күйзелісті азайтып, бойды сергітетін іс қана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілетті ашуға мүмкіндік беретін тәсіл. Көптеген қызметкер бос уақытында айналысатын жаңа қызығушылық тапқанын айтты.

СҚО ПД басшылығы жеке құрамның психоэмоциялық жағдайына ерекше көңіл бөледі. Гендерлік саясатты іске асыру аясында қызметкерлерді қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1308691?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді