
Жалпы 1,55 млн га алқаптың 1,15 млн га жиналды. 98% дәнді дақылдар алқабы жиналып, 707 мың тонна астық бастырылды. Өнімділігі 9,1 ц/га құрады. 97% картоп, 99% көкөніс жиналды, бақша және жемшөп дақылдарын жинау толық аяқталды. 1,32 млн тонна шөп дайындалды. 2027 жылғы егіс науқанына 189,9 мың га егіс алқабы өңделіп, 212,3 мың га жер жыртылды.
⠀
Өңірде азық-түліктің 21 түрі бойынша баға республикалық орташа деңгейден төмен. Тағы 13 түрі бойынша облыс баға деңгейі ең төмен бес өңірдің қатарында. Тұрақтандыру қорында 2 млрд теңгеге 7,7 мың тонна өнім сақтаулы.
⠀
Өңірде «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылуда. «Техноснаб ПВ» ЖШС-мен 180 млн теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімшарт әзірленуде. Жеңілдетілген бағадағы азық-түлік өнімдері атаулы әлеуметтік көмек алушыларға «Ваш» сауда желісінде қолжетімді болады.
⠀
Облыс әкімі 15% сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуді және өнімдерді делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік беретін жәрмеңкелерді жалғастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-upt/press/news/details/1308761?lang=ru

Жауап қалдыру