Ата-ананың үйін тексеріңіз: қауіпсіздік қамқорлықтан басталады!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттердің және адам өлімінің алдын алуға бағытталған «Ата-ананың үйін тексеріңіз» республикалық акциясы жалғасуда. Акция аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды ата-аналарының, әсіресе егде жастағы жақындарының үйіндегі өрт қауіпсіздігіне назар аударуға шақырады.

 Үй қауіпсіздігін тексеру кезінде:

  •  пештің және мұржаның жарамдылығына көз жеткізіңіз;
  •  мұржаны уақытылы тазалаңыз;
  •  электр сымдары мен жылыту құралдарының жағдайын тексеріңіз;
  •  үйге автономды өрт хабарлағыштары мен көміртегі тотығы датчиктерін орнатыңыз.

 Қамқорлық — жылы сөзбен ғана емес, нақты әрекетпен де көрінеді. Ата-анаңыздың үйіне барып, қауіпсіздігін тексеріңіз. Өйткені дер кезінде жасалған қарапайым әрекеттердің өзі үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін. Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз. Оларды қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1308763?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді