ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Отырысқа Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары Жайсанбаев Қанатбек ,Комитет төрағасы Зейнұлқабден Табиғат, төрағаның орынбасарлары Зулфухар Гаипов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Халық Кеңесі мүшелерін өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау, экология және әлеуметтік жауапкершілік бағыттары бойынша салалық комиссияларға бөлу. Сонымен қатар Комитеттің алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланып, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бағыттары бойынша ұсыныстар қаралды. Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын жинақтайтын ортақ ақпараттық платформа құру мәселесі де айтылды.

Комитет құрамының басым бөлігін өңір өкілдері – қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және өзге де азаматтар құрайды. Бұл жергілікті мәселелерді ортақ талқылауға шығарып, өңірлердің үнін жеткізуге мүмкіндік береді.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, алдағы жұмыс бағыттарын айқындады. Комитет бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1308767?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді