
ШҚО полициясы «Шығыс салбурыны – 2026» халықаралық фестивалінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті
Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, Бүркіттөбе тауының етегінде үш күн бойы VI халықаралық «Шығыс салбурыны – 2026» фестивалі өтті. Биыл бұл шара алғаш рет Азия кубогы мәртебесінде ұйымдастырылды.
Фестивальге Қазақстан, Ресей, Венгрия, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген дәстүрлі құсбегілік өнерінің шеберлері қатысты. Қатысушылар бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгі салып, құсбегілік өнерінің қыр-сырын көрсетті.
Үш күн бойы полиция қызметкерлері фестивальге қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалады. Шараның ашық далада өтуіне байланысты Әкімшілік полиция басқармасы алдын ала полицейлік жасақтардың орналасу тәртібін ұйымдастырып, патрульдеу бағыттарын белгіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын реттеу және адам көп жиналатын орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Барлық жұмылдырылған бөлімшелердің үйлесімді жұмысының арқасында фестиваль штаттық режимде өтіп, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты сақталды.
Шығыс Қазақстан облысының полициясы тұрғындар мен өңір қонақтарына қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіреді.
Заң мен тәртіп — әр адамның қауіпсіздігінің негізі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1308811?lang=ru

Жауап қалдыру