
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты флешмоб өтті.
Флешмобтың негізгі символы – жүрек бейнесі, ол мейірімділіктің, қамқорлық пен өзара сыйластықтың белгісі ретінде таңдалды.
Қатысушылар жүрек бейнесі арқылы махаббат пен мейірім бар жерде зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін жеткізіп, қоғамды бейбітшілікке, татулыққа және бір-біріне құрметпен қарауға үндеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1308867?lang=ru

Жауап қалдыру